30 Желт 2020
Страницы КГУ "СШ имени Кожагелды батыра"

Мектеп туралы

1966 жылдан «БЛКЖО-ның 60 жылдығы» атындағы Ақсуат орыс тілді сегізжылдық мектеп болып өз жұмысын бастады.

1966 жылдың 1 қыркүйегіндегі №182 бұйрығымен мектеп директоры болып, Оспанов Төлеген Қожахметұлы тағайындалды.

1966-1972 жылдары мектепте директордың орынбасарлары болып – Зиядина Гүлзайна Айдарханқызы, Самарханов Мұрат Құрманғалиұлы, Отт Освальд Иванович жұмыс істеді. Мектептегі алғашқы мұғалімдер қатарында - Қасымжанов А.Қ., Гривкова Л.Т., Тілеубаева М.Т.,Нугуспанова А.А., Сабырова С.С. аталады. Осы жылдардағы мектеп түлектері: Г.Төлеутаева, У.Ботабаева, Т.Қасымов, А.Каженов,З.Дауленбаева, Р.Еңсебаев, Л.Ибраевалар қазіргі уақытта әр салада жоғары табыстарға қол жеткізген, елімізге танымал азаматтар.

1972 жылдың 1 қыркүйегінен, мектептің директоры болып Ұлы Отан соғысының ардагері Талғатбек Қосаев басқарды.Осы кезеңде мектепте оқу ісі меңгерушісі қызметін Отт Освальд Иванович және 1 жыл Баязов Бақытбек Қажығалиұлы атқарды.

1978 жылдан бастап мектепке «Орта мектеп»статусы берілді.

1968 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта 1484 мектеп бітіруші мектеп табалдырығынан аттады, оның 63 түлегі «Алтын», «Күміс» медальдерінің және ерекше үлгідегі аттестат иегерлері атанды.

Мектеп коллективінде әр жылда еңбек еткен: Дюсупова Г., Байырханова А., Құлжанова Г., Қосаев Т.,Рахымжанов Б.,Отт О., Баязов Б., Ильясов Н., Фридрих И., Қасымжанов А., А.Жакуповтар «Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі» атағының иегерлері болды.

Бүгінгі күні мектеп облысымызға және Республикаға әйгілі болған түлектерін мақтан етеді, олар: Момбаев И.,Тоқтаров Т.,Апырымов С.,Төлеутаев М.,Байдалина А.,Ж.Рахымғалиев.

1996 жылдың 1 тамызынан мектеп директоры қызметіне ұзақ жылдар оқу ісі меңгерушісі, ағарту ісінің үздігі Баязов Б.Қ., тағайындалды.Оқу ісінің меңгерушілері: Жакупбаев Т.Ә.,Құсайынов М.Қ., Гайсина А.К.,-лар болды. Мектептегі ең негізгі жұмыс,білім сапасы.Осы жылдарда мектеп оқушылары командасы аудандық пән олимпиадаларында жүлделі І-орынды иеленсе, Облыстық олимпиадаларда Вагнер Л., Смайлова Ш.,Кенжегулов С., жүлделі орындарға ие болды.Мектеп, дене тәрбиесі және спорт саласынан да ауданда тірек мектебі болып саналады.

Мектеп директорлығы қызметінде 18 жыл бойы қызмет еткен Отт Освальд Иванович. Оқу ісінің меңгерушілері болған Баязов Б.Қ.,Нұғыспанова А.А., Жакупов А.М. Осы кезеңде 53 мектеп бітіруші алтын және күміс медальдарға ие болып, үздік аттестат алды. Олар: Абишева Г.,Тыныбаева Ж., Олжаева А., Байкадамова А., Отт И., Мусина М.,т.б.

Аудандық білім сайыстарында, көркемөнерпаздар байқауларында мектеп оқушылары үнемі жүлделі орындар иеленіп жүйелі табыстарға қол жеткізіп отырды.

Сапалы білім беруде, еңбек еткен ұстаз есімі құрметпен аталды.Олар: «Қазақ ССР Білім Министрлігінің Құрмет Грамотасымен» марапатталған ұстаздар – Фридрих И.В.,Оспанова С.Б.,Тоқташева Ә.Д.,Бекметьева Р.Т.

1999-2004 жылдары «№2 Ақсуат орта мектебі» директоры қызметін Құттыбаев Ержан Кәрібайұлы атқарды.

2001жылы мектеп тарихынан мұражай ұйымдастырылды.

Мектеп оқушылары: Е.Турагулов.,б.Әмірғалиев.,Т.Керімбаев.,М.Кешкілов.,Б.Қасымов бокстан Республикалық және Халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды, жаттықтырушысы Қ.Карменов. Мектеп футбол командасы облыста ІІІ-орын иеленді, жаттықтырушысы М.Камзин.

1999-2004 жылдары үлгілі ұстаздар қатарында Кайль В.В.,Тоқташева Ә.Д.,Ризабекова Г.Р.,Егізбаева Л.Е.,Қасқабаева А.Ш.,Оспанова С.Б.,Камзин М.А., Карменов Қ.М., Камзина А.Н. еңбек атқарды.

2004-2008 жылдары «№2 Ақсуат орта мектебі» директоры қызметін Жакупбаев Тұрарбек Әскербекұлы атқарды.

2006 жылдан бастап Оспанова Н.Т. жетекшілігімен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» Халықаралық оқу бағдарламасы бойынша ауданда тірек мектебі болып келеді.

ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп, аудан мектептер арасында І-орында болды.

2001 жылдың 1-ші қарашасында мектеп жанынан 25 балалық,2001 жылы 50 балалық, 2006 жылы 80 балалық, 2013 жылдың 14 сәуірінде 100 балалық бюджеттік интернат өз жұмысын бастады. Интернат меңгерушісі Әділханұлы Ғабит.

2009 жылдан бастап «№2 Ақсуат орта мектебі» директоры қызметін Көшкімбаев Бейбітжан Мақанұлы атқарып келеді.

2010 жылы орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанова Нургуль Тулегеновна  «Педагогика ғылымдарының кандидаты»атағын алды.

2000 жылдан бастап әр жылдары мектепте директордың орынбасарлары болып – Маханова Ж.М., Құсайынов М.Қ., Көшкімбаев Б.М., Мукашева К.Н.,Үрпежанов Б.З., Байжұманова С.М.,Абильмажинова Г.С., Бейбіт Т.жұмыс істеді. Қазіргі таңда мектеп директорының орынбасарлары болып, Абсалямова Қ.Қ., Сұлтанбекова А.К., Баламурзин А.Б., Астаев Ш.Б., Мұратов Е.М.,қызмет атқаруда.

2020 жылдын мамыр айынан бастап мектеп атауы «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» КММ болып өзгерді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар