05 Қаң 2023
Жаңалықтар

Мен тәуелсіз ел ұланымын.

"2022 жыл - Балалар жылын" қорытындылап "Жақсы шәкірт - ұстаз мақтанышы " тақырыбында облыстық, республикалық пән олимпиадасының, ғылыми жобалардың, зерттеу жұмысының, шығармашылық байқаулардың, спорттық жарыстардың, дебат ойындарының, форумдардың және фестивальдердiң жүлдегерлерiн қолдау мақсатында мерекелік шара өтті.

Әрбір бала - ерекше құбылыс, құм арасында жатқан асыл тас іспеттес.Әрбір бала мақтауға да, мақтануға да лайық. Саналы жас өз жетістігін халқына, үміт артқан ата -анасына арнағысы келеді. Бойындағы бұла күші мен жігерін, қабілетін арманға, мүдделі мақсатқа қарай бағыттайды. Міне, арманға жетер баланың осындай позициясы - айқын болуы шарт.Елдің келешегі - бүгінгі оқушы, ертеңгі жас, білікті маман болар өскелең ұрпақтың қолында. Оқушыларды "Балалар жылында" жеткен жетістіктерімен мектеп директоры Ербол Қалымбекұлы құттықтап, білімдерін одан әрі жетілдіріп, Тәуелсіз Қазақстанның болашағын
нұрландырып, ертеңін гүлдендіретін, озық ойлы мақтанышы болуға сәттілік тілеп, Алғыс хаттар тапсырды.
Шығыстан шыққан талантты балалардың жазушысы Кәмшат Әбілғазықызының ұсынысымен, жазушының баспадан шыққан "Жоғалған ұйқы" кітабының мұқабасының дизайнын суретпен бейнелеген дарынды 7"Г" сынып оқушысы Лензат Жансая мен графика әлемінде сурет салатын 4"Г" сынып оқушысы Асылбек Нұрайдың шығармашылық көрмесіі койылды.

 
Пайдалы ақпараттық ресурстар