*Мақсаты* : бейне оқытудың түрлері: скринкаст, бейне сүйемелдеу, бейне сабақты меңгеру;
бейне сабақты кезең- кезеңімен құру және қолдануды түсіндіру;
оқушылар қашықтықтан оқыған кезде бейне сабақты пайдаланудың тиімділігі туралы талқылау.
Бейне сабақты түсіріп шығармашылық байқауларға қатысқан мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Гульжан Слямбековна іс-тәжірибелерімен бөліскен жаңашыл ұстаздардың еңбектеріне табыс тілеп , қорытынды жасады.
Өткізген бастауыш сынып мұғалімі: Каримова Жансая Естаевна